Путиннің сыныптасы сұхбат берді: Вова мысықтарды дарға асатын

12 Наурыз, 2019 1003 0

Игорь Резников Питерден Израильге кетті. Қазір ол иерусалимдік Наве Яаков ауданында тұрады. Кезінде ЛМЗ зауытында инженер болып жасаған. Әңгіме барысында ол Питерде, Грибоедов каналы маңындағы 193-ші мектепті бітіргені белгілі болды. Путин оқыған мектепте.

- Сіз оны танитын ба едіңіз?

- Енді қалай! 8 жыл бір мектепте оқыдық. Жігітім нағыз боқмұрынның өзі болды. Оны ешкім жақтырмайтын. Лақап аты Көртышқан еді, артынан Тоқылдақ атанды. Сәл нәрсеге арыз айтуға тұра жүгіретін, сондықтан оны оңашада төмпештеп алатынбыз. Егер абайлап қарасаңыз, ол қазір де көртышқаннан аумайды.

- Ол мектепте қалай оқыды?

- Орташа. Мұғалімдер одан қорқатын. Ол олардың үстінен Гороноға, білім министрлігіне, КГБ-ға арыз айдайтын. Әрбір осындай арызға комиссия келетін. Арыздар домалақ арыз (аноним) түрінде жазылатын, бәрібір қолтаңбасына қарап оның кім екенін біліп қоятын. Сондықтан оны мұғалімдер де, оқушылар да өте жек көрді.

Артынан одан да жаман жағдайлар кездесті. Ол жөнінде бізге біздің сыныпта оқыған Петя Васильев айтып берді. Вова оған мысықтарды бірлесіп дарға асуға ұсыныс жасапты. Мұны Петя мұғалімдерге айтқан. Барып қараса Вова тұрған үйдің шатырында асулы тұрған мысықтарды тапқан және олардың барлығының да көздері шығарылған екен. Кезінде бұл үлкен айғай-шу болды. Оны психикалық ауытқуы бар арнайы мектепке ауыстырғысы келді, бірақ ата-аналары осы істі әйтеуір жапты. Мүмкін ақша төлеген шығар, білмеймін.

Сосын..., кешіріңіз, одан жаман сасық иіс шығып тұратын. Жуынбай ма, білмеймін. Осыған қатысты онымен мұғалімдер де сөйлесіп көрді. Мүмкін ол қандай да бір аурудың түрі шығар, білмеймін, әйтеуір оның иісі ерекше сұмдық болатын. Сондықтан да онымен ешкім де парталас болғысы келмеді. Жалғыз отырды. Анасымен сөйлесудің пайдасы жоқ еді. Ескі анекдоттағыдай – Моняны иіскемеу керек, Моняны оқыту керек. Ал сыныптастардың соңғы қоңырауына ешқашан да келген емес.


Дереккөз: qamshy.kz

 

Тегтер: Путин, әлем, президент, сыныптас, мектеп

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.