Конор Макгрегор АҚШ-та қамауға алынды

12 Наурыз, 2019 1335 0

Ирландиялық Конор Макгрегор Флорида штатындағы Майами-Бичте қарақшылық жасап, шығын келтірді деген айыппен қамауға алынды, деп жазады жергілікті полиция.

Макгрегор дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 17.56 кезінде ұсталған. Спортшы қонақ үйден шығып бара жатқанда, өзін ұялы телефонға түсіріп алмақ болған ер адамның телефонын сындырып тастапты. Ол ер адамның қолынан телефонды алдымен ұрып түсіріп, сындырып, кетіп қалған.

Жәбірленушінің айтуынша, ұялы байланыс құралы мың доллар тұрады.

Айта кетейік, аралас жекпе-жек шебері, ирландиялық Конор Макгрегор былтыр 6 қазанда UFC чемпиондық титулы үшін кездесуде ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңіліп қалды. Сонымен, Макгрегордың қоржынында 21 жеңіс және төрт жеңіліс бар.

Дерек көзі : holanews

Тегтер: конормакгрегор, спорт, UFC, қазақстан,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.