ІІМ балаларын ұрған әкенің ісіне қатысты: «Қылмыс біржақты болмайды»

ІІМ балаларын ұрған әкенің ісіне қатысты: «Қылмыс біржақты болмайды»

ашық дереккөзі

 width= ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Түркістанда болған өз балаларын ұрып-соғу оқиғасына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. «Тұрмыстық жанжал саласына қатысты құқық бұзушылық және қылмыс біржақты болмайды, оның екінші жағы болатындығына назар аударғым келеді. Түркістан облысындағы жағдайға келсек, балалардың анасы бұған дейін де күйеуінің үстінен бірнеше рет шағым түсірген, бірақ арызданбаған. Заңды әйелі күйеуінен ажырасуға өтініш бермеген. Бұл жерде полицейлердің жұмысын айқындайтын өзіндік заңнамалық тұстар бар. Яғни біз шағымсыз ол әйелдің жолдасын 3 сағаттан артық қамауда ұстай алмаймыз. Сондай-ақ себепсіз әкімшілік жауапкершілікке де тарта алмаймыз», - деді Е.Тұрғымбаев тілшілердің сұрағына жауап бере отырып. Айта кетейік, полицейлер 4 қазан күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазбаны анықтады. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеу тізіліміне ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігі «Азаптау» бойынша тіркелді. Біраз уақыт өткеннен тәртіп сақшылары балаларын ұрып-соққан әкені ұстады.

Жүктелуде...