Медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
Euronews-ке сілтеме жасап.
«Харви Алтер, Майкл Хоутон, Чарльз Райс С гепатиті бойынша жаңалық ашқаны үшін медицинадан Нобель сыйлығын иеленді», - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, биыл Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері 5-12 қазан аралығында жарияланады. Аталмыш рәсім Стокгольм мэриясынан трансляцияланады. Оған көптеген елдер қосыла алады. Бұл уақытқа дейін іс-шара Стокгольм филармониясында өтетін еді.
Марапаттарды жеңімпаздарға елшілік пен университет өкілдері табыстайды.