Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шымкент: «42 500 теңге» төлемін тағайындау ережесіне өзгерістер енгізілді

Шымкент: «42 500 теңге» төлемін тағайындау ережесіне өзгерістер енгізілді

Шымкент: «42 500 теңге» төлемін тағайындау ережесіне өзгерістер енгізілді
ашық дереккөзі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және қызметтер көрсету орындарында жұмыс істейтін азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға әлеуметтік төлемдер жүргізу ережесіне өзгерістер енгізілді. Өзгеріске сай, Төтенше жағдай  кезінде табысынан айырылуы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан адам басына айына 42 500 теңге әлеуметтік төлемді ала алатын азаматтар санаты қысқарған жоқ. Сонымен           "42 500 теңгені"  мына азаматтар ала алады: -              жеке кәсіпкерлерге және шағын-орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне; -              карантин енгізілген елдімекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне; -              мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне; -              жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаларға (нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар); Бірыңғай жиынтық төлем (әрі қарай – БЖТ) төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға; -              нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға жүзеге асырылады. Алайда, бұның ұлттық басқару холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне қатысы жоқ. 42 500 теңге әлеуметтік төлемді ала алмайды: - ТЖ енгізілгенге дейін Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған азаматтар - Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған БЖТ төлеушілер (ресми түрде өзін жұмыспен қамтушы азаматтар ТЖ енгізілгенге дейін төлеу керек болса, бейресми түрде өзін жұмыспен қамтушы азаматтар әлеуметтік төлемге өтінім берер алдында БЖТ төлеу керек); - АҚС шарттары бойынша табыс алатын, бірақ ТЖ енгізілгенге дейін зейнетақы жарнасын  жасамаған жеке тұлғалар; - екі жұмыс орнында жұмыс істеген азаматтар, соның ішінде кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар, егер олар бір жұмыс орнында болсын қашықтан жұмыс істеуді жалғастырса; - ТЖ енгізілгеннен кейін БЖТ алғаш төлеген азаматтар, егер олар зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды алатын болса; - басқа елге тұрақты тұруға көшуге байланысты тіркеуден шығарылған азаматтар.