Шымкенттегі түнгі клубта болған төбелеске қатысты полиция түсініктеме берді

12 Наурыз, 2019 1036 0

10 наурыздан 11-не қараған түні Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде төбелес болған. Бейнетаспаға түсірген куәгерлердің айтуынша айқай шу және жылаған дауыстарды естіген. Бұл туралы otyrar.kz сілтеме жасап,newsroom.kz хабарлайды.

Шымкент қаласының Полиция департаменті болған оқиға туралы «Әл-Фараби аудандық ІІБ-нің «102» телефонына қоңырау түскен. Осы қоңырау бойынша полицияның жедел-тергеу тобы сол жерге жедел жетті. Төбелес кезінде клуб қызметкерлерінің біреуі жарақат алғаны анықталды. Түркістан облысының тұрғыны қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 293-бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде» деп түсініктеме берді.

Тегтер: шымкент, түнгіклуб, төбелес, полиция

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.