Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Теміртаулық полицей қызметтік көлікпен зейнеткерді қағып кетті

Теміртаулық полицей қызметтік көлікпен зейнеткерді қағып кетті

Теміртаулық полицей қызметтік көлікпен зейнеткерді қағып кетті
ашық дереккөзі
 width= Теміртау қаласында полиция сержанты қызметтік автокөлікпен 65 жастағы ер адамды қағып кетті. Одан кейін зейнеткер ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жол апаты 3 қазан күні болды. "Лада Веста" қызметтік автокөлігінде болған полицей Восточная көшесіне Республика даңғылымен бара жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде ер адамды қағып кетті. Департаменттің мәліметіне қарағанда, жол апаты болған күні қалада тұман түскендіктен жол нашар көрінген. "Жол апаты салдарынан ер адам Теміртау қаласының ауруханасында көз жұмды", - деп хабарлады баспасөз қызметінен. Оқиға болған жерге Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының жеке құрам инспекциясы, Теміртау қаласы прокуратурасының өкілдері барды. Полиция сержанты наркологиялық диспансерде тексерілді. Тәртіп сақшысының сау болғаны анықталды. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айыра отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Полицейлердің айтуынша, тергеу жан-жақты және объективті жүреді. Сонымен қатар облыс полициясының басшысы істі өз бақылауына алды.