14 жастағы бала "каратэ" секциясында қайтыс болды

11 Наурыз, 2019 599 0

Қарағандыға жақын Дубовка ауылында "каратэ" секциясында 14 жастағы бала қайтыс болды, деп жазды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"2019 жылы 8 наурызда Дубовка ауылының 14 жастағы тұрғыны жедел жәрдем көлігімен облыстық кардиология орталығына бара жатқан жолда көз жұмды", - деді баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары "каратэ" секциясында 14 жастағы баланың дене жарақатын алғанын анықтаған.

"Болған оқиғаның толық мән-жайын және себеп-салдарын жан-жақты нақтылау мақсатында сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның қорытындысы бойынша бапкер мен жедел жәрдем қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді облыстық полиция департаментінің қызметкерлері.

Айта кетейік, құзырлы орган мамандары басқа мәлімет ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын атап өтті.

newsroom.kz сілтейді

Тегтер: қарағанды, жаңалықтары, өлім, дубовка

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.