Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қанша медицина қызметкері біржолғы төлемақы алды?

Қанша медицина қызметкері біржолғы төлемақы алды?

Қанша медицина қызметкері біржолғы төлемақы алды?
ашық дереккөзі
 width= МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 37 медицина қызметкерінің туыстарына төлем аударды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 3841 медицина қызметкері біржолғы төлемақы алды. Бұдан бұрын хабарланғандай, жоғарыда аталған төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижесі негізінде анықтайды. Өтінімдерді жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа беріледі, содан соң төлем тағайындау үшін МӘСҚ-ға жіберіледі. 5 қазан сағат 9.00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 3 841 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 37 медицина қызметкеріне қаржы тағайындап, төледі.