Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

17 сәуір қандай күн екенін білесіз бе?

17 сәуір қандай күн екенін білесіз бе?

17 сәуір қандай күн екенін білесіз бе?
ашық дереккөзі
Бүкіләлемдік гемофилия күні. Гемофилия - бұл қанның ұйымауы. Ең ауыр генетикалық сырқаттардың бірі. Бүгінгі күннің дәрілік заттары гемофилияға шалдыққан адамдардың өмір сүру ұзақтығын арттырды. Яғни оларды уақытылы қабылдаудың арқасында толыққанды өмір сүруге болады: білім алып, жұмыс істеп, отбасын құруға. 17 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 2003 жылы «Халықаралық олимп» конкурсы ұйымдастыру комитетінің халықаралық кеңесінің шешімімен Қазақстан президенті Н. Назарбаевқа «Халықаралық сыйлықтың лауреаты» атағы беріліп, «ТМД-ны дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі табыс етілді.  2007 жылы ақын, ғалым Бүркіт Ысқақовтың (1924-1990) «Қазақ және Еділ бойы халықтары әдебиеттерінің идеялық-творчестволық байланыстары» кітабының таныстырылымы болды. 2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хайнань» провинциясының құрметті азаматы» атағына ие болды (Қытай Халық Республикасы). 2013 жылы Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы мен Суринам Республикасы тұрақты өкілдерінің деңгейінде бірлескен коммюникеге қол қою арқылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды. 2017 жылы режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі Бішкектегі «Ақ Ілбіс» VI Ұлттық киносыйлығын табыстау рәсімінде Орталық Азиядағы үздік фильм атанды. Бас продюсер Әлия Назарбаева мен режиссер Ақан Сатаевтың бірлесіп шығарған «Анаға апарар жол» атты туындысы үш номинация бойынша, атап айтсақ, «Орталық Азияның үздік фильмі», «Орталық Азияның үздік актері» (үміткер болған - актер Әділ Ахметов), «Орталық Азияның үздік актрисасы» (үміткер болған - актриса Алтынай Нөгербек) номинациялары бойынша қатысты.