Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қайғылы оқиға: жол апатынан 9 адам қайтыс болды

Қайғылы оқиға: жол апатынан 9 адам қайтыс болды

Қайғылы оқиға: жол апатынан 9 адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
 width= Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Тоғыз адам қайтыс болды деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
"Бүгін 4 қазан күні Атырау облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды. Атырау-Ақтөбе бағытындағы тас жолда екі көлік соқтығысып, салдарынан екі көліктің жүргізушісі, жолаушылар – барлығы 9 адам түгелдей көз жұмды. Қазіргі уақытта қаза тапқандардың аты-жөндері анықталуда, оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр",- деді министр.
Министрдің айтуынша, жол апатының 96 пайызы жүргізушінің кінәсінен болады.
"Ескерте кететін жай, жол-көлік оқиғаларының 96%-і жүргізушілердің кінәсінен орын алады. Патрульдік кезекшіліктер және бейнекамералар жоқ автожолдар мен тас жолдардарда жүргізушілер өрескел ереже бұзушылықтар жасайды. Нақтырақ айтқанда, жылдамдықты шамадан тыс арттырып, тыйым салынған және қауіпті аймақтарда алдыңғы көлікті басып озуға тырысады. Ал мұндай желігудің соңы көбіне қайғылы апатқа, орны толмас өкінішке ұрындырып жатады",- деді Ерлан Тұрғымбаев.