Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Ұлттық алауыздықты қоздырды»: қоғам белсендісі Марғұлан Боранбай үйқамаққа ауыстырылды

«Ұлттық алауыздықты қоздырды»: қоғам белсендісі Марғұлан Боранбай үйқамаққа ауыстырылды

«Ұлттық алауыздықты қоздырды»: қоғам белсендісі Марғұлан Боранбай үйқамаққа ауыстырылды
ашық дереккөзі
 width= Алматы қаласының ауданаралық соты «ұлттық алауыздықты қоздырды» деген күдікпен изоляторға қамалған блогер-белсенді Марғұлан Боранбайды үйқамаққа ауыстырды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Азаттық сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ешқайда кетпеу туралы қолхатты талап еттім. Прокурор үйқамақты жөн көрді» - деді Байдаров.
2 қазан күні Боранбайдың «ұлттық алауыздық қоздыру» (Қылмыстық кодекстің 174-бабы) және «конституциялық құрылысты күшпен өзгерту» (179-бап) баптары бойынша күдікке ілініп, Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды. Адвокат Боранбай 179-бап бойынша тағылған айып қолдан жасалған деп санайды. Егер күдікті осы бап бойынша кінәлі деп танылса, бас бостандығынан жеті жылға айырылуы мүмкін.
«Тергеу органдарының әрекеті тапсырмамен жасалғаны мынадай көрінеді. 2019 жылдың көктемінде-ақ қозғалған іс тоқтап қалып, бүгін қалпына келтіріледі де, Марғұланды бірден қамайды» деп жазды Байдаров Facebook-парақшасында.
Алматы полициясының баспасөз департаменті Азаттыққа Боранбайдың қылмыстық кодекстің аталмыш екі бабы бойынша күдікті саналып отырғанын растады. Марғұлан Боранбаев әлеуметтік желілерде ұлттық сипаттағы жазбаларымен танымал болған блогер. Оның YouTube желісіндегі соңғы видеосы ана тілінде сөйлей алмайтын қазақтарға арналған.