Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ердоған: Иерусалим түріктің қаласы!

Ердоған: Иерусалим түріктің қаласы!

Ердоған: Иерусалим түріктің қаласы!
ашық дереккөзі
 width=

Түркиябасшысы Тайып Ердоған Иерусалимді түріктерге тиесілі деп мәлімдеді.

«Бірінші дүниежүзілік соғаста көзімізге жас ала тастап кетуге мәжбүр болған Иерусалимде, әлі күнге дейін османдардың қарсылығынан қалған тарихи іздерді көруге болады. Иерусалим - ол біздің қаламыз, бізден қалған қала. Біздің бет бұрар алғашқы құбыламыз да Иерусалимдегі «Әль Ақса» мешіті», - деді ол Парламентте сөйлеген сөзінде. Осман империясы 1516-1917 жылдар аралығында Иерусалимге иелік етті. Түркия осы уақытқа дейін Израильдің бұл қалаға қатысты шешімдерін қатаң айыптап келеді. 2017 жылы АҚШ-тың Иерусалимді Израильдің астанасы деп тапқан мәлімдемесін қатаң айыптаған болатын. «Біз мұқият қарап отырған тағы бір мәселе, Израиль тарапынан палестиналықтарды қудалау болып отыр. Иерусалим мәселесі біз үшін тек қана геосаяси қиындық емес. Иерусалимдегі ескі қаланың келбетіне қараңыз, оны Ұлы Сүлейман салдырған. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы бұл қаланы салдырып, оны жоғары бағалады», - деді ол.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ