Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский Қарабақ қақтығысын шешудің бір ғана жолы бар дейді. «Ресейдің құрамына қайта қосу керек! Баку губерниясы, Ереван губерниясы және Степанакерт ауданын Краснодар аймағына қосу қажет. Олай етпесе үздіксіз соғыс жалғасып, оның соңы қайғылы аяқталады. Қазір шайқасты тоқтатса, бір жылдан кейін қайта соғысады. Бұл жауластық бірнеше ғасырға жалғасып келе жатыр.
Тағы бір шешім ретінде Патшалық Ресейдің әдісін айтсақ болады. Ресей империясы жауласушы екі тарапқа да қару берген, сөйтіп қарсыластар өз тағдырларын ұрыс алаңында шешкен»,- деді ол. Жириновский бұған дейін Қарабақтағы соғыстан соң, Орталық Азияда қақтығыстар болады деген болжамын айтқан еді.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ