Жолаушылар тасымалы бойынша 6 қазаннан бастап карантиндік талаптар күшейеді

Жолаушылар тасымалы бойынша 6 қазаннан бастап карантиндік талаптар күшейеді

ашық дереккөзі

 width= ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің ҚР мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулысы шықты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. Қаулыға сәйкес, 6 қазаннан бастап жолаушылар тасымалындағы тәртіптер өзгеріп, карантиндік талаптар күшейтіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама болмаған жағдайда кіруге жіберілмейді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін барлық адамдар термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы ұсынады.

Жүктелуде...