weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
3 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Енді коронавирусқа ПТР анықтамасы жоқ шетелдіктер елімізге кіре алмайды

Енді коронавирусқа ПТР анықтамасы жоқ шетелдіктер елімізге кіре алмайды

Енді коронавирусқа ПТР анықтамасы жоқ шетелдіктер елімізге кіре алмайды
ашық дереккөзі
 width= Енді шетелдіктер елімізге коронавирусты анықтайтын ПТР-сіз кіре алмайды. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. "Биыл 6 қазаннан бастап әуе рейстерімен келетін шетелдік азаматтар ПТР әдісімен COVID-19-ға тесілеуден өткені туралы анықтамасыз Қазақстанға кіргізілмейді. Анықтама мерзімі мемлекеттік шекараны кесіп өту сәтінде 72 сағаттан аспауы тиіс", - дейді ол. Ал халықаралық рейстермен келген қазақстандықтар осындай мерзіммен анықтамасы болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін екі тәулікке карантиндік стационарға оқшауланады. Байғабылов бұл талаптардың әуе қатынасы ашылған барлық елге қолданылатынын да айтып өтті. "Осындай шектеу талаптары Қазақстанға мемлекеттік шекарадағы теміржол, теңіз, өзен көлігі және автоөтпе жолдардағы өткізу пункттері арқылы келетін адамдарға да қатысты қолданылады", - деді бас санитар дәрігер.