Жаңалықтар

Түркістандық әйел қайын атасының ақшасын ұрлаған

Түркістандық әйел қайын атасының ақшасын ұрлаған

 width= Түркістан облысының полицейлері ақша аударып алды деген күдікпен әйел адамды ұстады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Ол әйел адам тұрғынның банктік карточкасынан ақша аударып алды деген күдікке ілінді. Созақ аудандық полиция бөліміне сол жердің тұрғыны арызданған. Ер адамның айтуына қарағанда, оның банктік карточкасынан белгісіз біреу 40 мың теңгеге жуық ақшасын заңсыз аударып алған. Қылмысты ашу мақсатында жедел тергеу тобы жұмыс істеді. Полиция қызметкерлері жәбірленушінің банктік карточкасынан ақша жымқырған өзінің келіні екенін анықтады. Тергеу барысында күдікті қайын атасының ақшасын ұялы телефондағы банк қосымшасы арқылы аударып алғаны белгілі болды. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.