Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

COVID-19-ға байланысты талаптарды 2021 жылдың күзіне дейін сақтау керек

COVID-19-ға байланысты талаптарды 2021 жылдың күзіне дейін сақтау керек

COVID-19-ға  байланысты талаптарды 2021 жылдың күзіне дейін сақтау керек
ашық дереккөзі
 width= Бельгиялық университет сарапшысы Левен Коринн Вандермёленнің айтуынша, 2021 жылдың күзіне дейін коронавирусқа байланысты түрлі сақтық шараларын сақтауға тура келеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. Университеттің Вакцинология орталығының басшысы Левен Коринн Вандермёленнің ойынша, 2021 жылдың күзіне дейін коронавирусқа қарсы шараларды бақылауда үстауға тура келеді. «Ең алдымен біз түрлі вакциналарға жасалған тест нәтижелерін күтуге тиіспіз. Содан кейін осы вакциналар жеткізіліп, соңында вакцинация бағдарламасы қолданылады. Процестің нақты уақытын болжауға әлі ерте», - деп атап өтті сарапшы. «2021 жылдың күзіне дейін қолды жуып, қашықтықты сақтап, маска тағуға тура келеді», - деп санайды Бельгиялық университеттің Вакцинология орталығының басшысы Левен Коринн Вандермёлен. 2021 жылғы наурызда Бельгияда Оксфорд вакцинасының 1,5 млн дозасы қолжетімді болмақ. «Медицина қызметкерлеріне, 65 жастан асқан және созылмалы аурулары бар адамдарға вакцинаны таратуда басымдық беріледі, бірақ бұл вакцинаның клиникалық сынақ нәтижелеріне байланысты болады», - деп болжайды сарапшы.