Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны MTV-де көрсетілді

Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны MTV-де көрсетілді

ашық дереккөзі

 width= Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны MTV-де көрсетілді. Отындық әнші үздік бестіктің қатарына қосылды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Осы уақытқа дейін Димаш Құдайбергенді MTV USA эфирінде көрсететіні айтылған еді. MTV-де қазақ тілінде бейнебаянын көрсеткен алғашқы қазақстандық әртіс - Димаш Құдайберген. Видео MTV USA арнасында, сонымен қатар MTV-дің YouTube-тегі ресми арнасында жарияланды. "Бүкіл әлемдегі шығармашылығымның жанкүйерлеріне мұны жасауға көмектескендері үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Менің Dears-терімнің тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен баға жетпес қолдауы арқасында менің бала күнгі бір арманым орындалы. Мен өте қуаныштымын, сіздерге деген ризашылығым шексіз", - деді Димаш. Еліміздегі АҚШ елшілігі әншіні MTV арнасындағы дебютімен құттықтады.

Жүктелуде...