Алматыда ауыл тұрғындары митингіге шықты

Алматыда ауыл тұрғындары митингіге шықты

ашық дереккөзі

 width= Алматы облысының Төңкеріс ауылының тұрғындары он жылдан бері сусыз, газсыз және жолсыз өмір сүріп жатыр. Олар мәселелерін айтып, шағымданды. Ауыл тұрғындары стихиялық митингіге шықты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. Ауыл тұрғындары су алу үшін таңғы бесте тұрып, он шақырым жердегі бұлаққа баруы тиіс. Ол жерден бүкіл ауыл су алатындықтан, ұзын-сонар кезек болады. Жолдың жоқтығы тағы мәселе. Жақын арада өткен жиын кезінде әкімдік қызметкерлері жергілікті тұрғындарға ақша жинап, жолды өз күштерімен жөндеуге кеңес берген. Ауыл тұрғындары су, газ және жол салуды он жылдан бері сұрап келеді. Осы уақытқа дейін әкімдікке шағымданып та келген. "Не аурухана, не дәріхана жоқ. Тас дәуіріндегідей өмір сүріп жатырмыз. Әйтпесе ауылымызға мегаполис тиіп тұр. Мына жолдарға қараңызшы. Мына көшедегі адамдар оны өз күшімен жамап-жасқады. Оған шамасы жетпегендер шаңда жүруге мәжбүр. Мұндай жолдармен бізге жедел жәрдем көлігі өліп жатсаң да келмейді", - дейді ауыл тұрғыны Аманғазы Сейілтаев. Ауыл тұрғындары қазіргі уақытта тек жарықты пайдаланады. Бірақ олардың айтуынша, тариф тым жоғары. Электр желілері жекеменшікке беріліпті. Ауыл әкімдігі аталмыш проблемалардың бұрынғы басшылықтан "мұраға" қалғанын айтады. "Өткен жылы берілген өтінімдер мақұлданған жоқ. Биыл қыркүйек айында ғана Төңкеріс ауылындағы бес көшеге және Қызыл Ту ауылындағы жеті көшеге өтінім жібердік. Осы екі ауылда жол, жарық және су мәселесі шешілмеген көптеген жаңа құрылыс бар. Егер аудан әкімдігі өтінімді мақұлдаса, келесі жылы жол жөнделеді", - деді Панфилов ауылдық округінің әкімі Асыл Ваисов. Сонымен қатар әкім су проблемасын шешетінін айтты. Ол үшін демеуші тауып, су айдауыш мұнараны салатын орынды таңдау керек. Шенеуніктер тұрғындарға электр энергиясының тарифін төмендету мәселесін шешуге де көмектесеміз деп отыр.

Жүктелуде...