8 наурыз. Көңілді әзілдер

08 Наурыз, 2019 3854 0

- 8 наурызда сүйіктіңе не сыйладың?
- Бостандық.

8 наурыз.
- Сүйіктім, мейрамыңмен! Міне, саған раушан гүлдері
- Рақмет, жаным.
- Ал мынау қалған ақшаң.

8 наурыз мейрамын Халықаралық әйелдер күні емес, Халықаралық флористер күні деп атау керек.

Әмбебап сыйлық қандай болады?
− Ол 23-ақпанда сый ретінде алып, 8 наурызда қайта сыйлауға болатын сыйлық түрлері.

– Сүйіктім, 8 наурызға қандай сыйлық қалайсың?
− Білмеймін, әлі ойламадым ол туралы.
− Онда мен саған 1 жыл ойлануға уақыт беремін.

Тек 8 наурызда жігіттер бір қызды ғана сүю керек екендігін түсінеді.

Еркектің өмірінде әйелді түсінбейтін екі кезең бар: тойға дейін және тойдан соң. 

Көңілсіз келген әйеліне күйеуі:
- Қабағың қату, не болды? – деп еді, келіншегі:
- Ашуымды келтіргені – ылғи саған сыйлық алайын деп дүкендерді араласам – тек маған ғана лайықты заттар кездеседі! – деді.

Еркектер 8-ші наурызда әйелдер үшін барын салып-ақ бағады. Мәселен, шалбарын үтіктейді, бәтеңкесін тазалайды, моншаға барып келіп сықия киінеді, бет-аузында қылтанақ қалдырмай қырынып та алады. Сөйтіп, жөнге келіп қосағының денсаулығы үшін алып та қояды.

Жылдағы екі күнді – 1 қыркүйек пен 8 наурызды гүл сатушылардың мерекесі әрі берекесі деуге болады.
Дерек көзі : massaget.kz


Тегтер: 8наурыз, мереке, сыйлық, құттықтау, тілек

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.