Алматыда жол ережесін бұзған 650 мың адамға 4 млрд теңге айыппұл салынды
Алматыда жол ережесін бұзған 650 мың адамға 4 млрд теңге айыппұл салынды

«Биыл 8 айда ҚР Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 654 мың 378 адам жауапкершілікке тартылды. Оларға 4 млрд 364 млн теңге айыппұл салынды. Ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотына 8 мың 534 әкімшілік іс материалдары жіберілді. 1 мың 267 адам жүргізуші куәлігінен айрылды. 816 адам қамауға алынды», - деді ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.