Алматыда 650 мың адам жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар жол апатының көбеюіне де себепкер атанады.
«Биыл 8 айда ҚР Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 654 мың 378 адам жауапкершілікке тартылды. Оларға 4 млрд 364 млн теңге айыппұл салынды. Ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотына 8 мың 534 әкімшілік іс материалдары жіберілді. 1 мың 267 адам жүргізуші куәлігінен айрылды. 816 адам қамауға алынды», - деді ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.