Сабақ өтіп жатқанда мектептің төбесі опырылды: ата-аналар алаңдаулы

Сабақ өтіп жатқанда мектептің төбесі опырылды: ата-аналар алаңдаулы

ашық дереккөзі

 width= Батыс Қазақстан облысына қарасты Бәйтерек ауданының Достық елді мекеніндегі орта мектеп оқушыларының ата-аналары балаларының өмірі мен денсаулығына алаңдап отыр. Себебі осыдан қырық жылдай бұрын салынған мектеп апатты жағдайда тұр. Төтенше жағдай білім беру мекемесінде қыркүйектің басында болған, деп мәлімдеді жергілікті басылым. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Оқушылардың бірінің анасы Светлана Головчиктің айтуынша, 9 қыркүйекте мектепке дейінгі даярлық сыныбында отырған балаларға төбеден сылақ пен цементтің бөліктері құлаған.

"Барлық жерге: парталарға, еденге түсіпті, бүкіл сыныпты шаң басқан, мен келгенде балалар болмады. Олар мені тыныштандыра бастады, баламды әкелуін талап еттім. Ұлым еңкейіп отырған екен, сылақтың бөліктері тимепті. Ол дірілдеп, қайта-қайта төбеге қарай берді", - дейді әйел.
Әйел балалардың өмірі мен денсаулығына алаңдап, келесі күні директорға кірген. Ол оған мектептің тозығы жеткенін, оқушыларға да, мұғалімдерге де үлкен қауіп төндіріп жатқанын жеткізген. Ауыл мектебінің директоры Светлана Голубева бұл мәселе биліктің бақылауында екенін және жақын арада ауылда жаңа мектеп пайда болатынын хабарлаған.
"Мектеп ғимараты ескі, 1982 жылы салынған. Қазіргі уақытта жаңа ғимараттың жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Ол келесі жылы салына бастаса керек", - деп атап өтті ол.
Достық ауылдық округінің әкімі Әбубәкір Төлеуов жаңа мектеп салынатынын растады.
"Құрылысқа бес гектар жер телімі бөлінді. Келесі жылы 900 орындық мектептің құрылысын бастау жоспарланып отыр", - деп нақтылады ол.
 

Жүктелуде...