Қостанайда қасқыр тұрғындарға шабуылдаған

07 Наурыз, 2019 4887 0

Қостанай облысындағы Ашутасты ауылында қасқыр адамдарға шабуылдады. Зардап шеккен ер адам мен бала ауруханаға жеткізілді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 5 наурызда Ашутасты ауылында жыртқыш аң 11 жастағы балаға шабуылдап, аяғынан тістеп алған, кейін жасөспірімге көмектеспек болған ер адамды талап тастаған, деп жазады жергілікті "Алау" порталы.

Жергілікті тұрғындардың бірі өзіне шабуылдай берген қасқырды өлтіріп тастаған.

"Аңның денесі мен зардап шеккендер Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалған", - деп хабарлайды Қазақстан төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Сергей Шмидт.

 Ер адамның жағдай бір қалыпты, ал 11 жастағы бала біраз уақыт дәрігерлердің қарауында бола тұрады.

newsroom.kz сілтейді

Тегтер: қостанай, қасқыр, жаңалықтар, аурухана

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.