Ауадағы коронавирусты анықтайтын құрылғы пайда болды
Ауадағы коронавирусты анықтайтын құрылғы пайда болды
Ресейдің Гамалея орталығының ғалымдары 80-нен астам патогенді, оның ішінде SARS-CoV-2 коронавирусын тұтып алатын арнайы кешен ойлап тапты. Бұл туралы өнертапқыштардың бірі, трансляциялық биомедицина зертханасының меңгерушісі Артем Ткачук айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
"Патогендік биологиялық агенттерді анықтауға арналған автоматты кешен – ауадағы 86 патогендік биологиялық агент нысанын – вирустарды, бактерияларды, токсиндерді анықтауға мүмкіндік беретін құрал. Бұл құрылғы тікелей адамның қатысуынсыз жұмыс істей алады, 24/7 тұрақты режимінде ауадағы қауіпті биологиялық агенттерді анықтайды", - деді ғалым.
Ткачук бұл құрылғы 2015 жылдан бастап ұлттық химиялық және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін федералды мақсатты бағдарламаның аясында жасалғанын атап өтті.
"Қазір SARS-CoV-2 сияқты қауіпті жұқпалы ауруларды жедел анықтауға қатты қажеттілік туындағандықтан, бұл құрылғы жақын арада мемлекеттік сынақтарды аяқтап, жаппай өндіріске дайындалады", - деп толықтырды зертхана басшысы.Бұл құрылғыны вирустың таралуына жол бермеу үшін көлікте, адамдар көп жиналатын жерлерде пайдалануға болады деп жоспарлануда. Құрылғы автоматты режимде жұмыс істей алатын бірнеше модульден тұрады. Құрылғы нақты уақыт режимінде жұмыс істейді, ауадағы патогендердің жоғарылаған шоғырлануын анықтаған бойда биологиялық агент түрін анықтайтын терең талдау механизмі іске қосылады.