Бақыт Сұлтанов: Әйелдер – кез келген қоғам, отбасы мен мемлекеттің негізі

07 Наурыз, 2019 4293 0

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен мекемелерде қызмет ететін бикештерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды newsroom.kz елорда әкімдігінің ресми сайты жасап. 

Әкімдікте қала басшылығында, әкімдік аппаратында, қалалық басқармаларда, кәсіпорындарда, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласында қызмет ететін нәзік жандыларды құттықтауға арналған шара өтті. Мерекеге орай оларды гүл шоқтарымен қарсы алды.  

«Сіз – кез келген қоғамның, отбасы мен мемлекеттің негізісіз. Сіздің мақсаткерлігіңіз, өз жұмысыңызға, өз сүйіктілеріңізге деген адалдығыңыз кез келген сәттіліктің, кез келген жеңістің кепілі болып табылады. Сол себепті Мемлекет басшысы ел алдына маңызды міндет қойғанда, әйел азаматтарға көптеген үміт артылады. Сіздей сұлу жандардың биік шыңдарды бағындыратындарыңыз соншалықты, ер азаматтарға сіздерден күштірек көріну үшін екі есе күш жұмсауына тура келеді», – деді Бақыт Сұлтанов. 

Әйелдер тарапынан елорда әкіміне алғысты қалалық мәслихаттың депутаты Қарақат Әбден білдірді. 

«Біз, депутаттар қала тұрғындарымен тығыз қарым-қатынастамыз. Сол себепті жақында Сіздің әр әйелді жеке мәселесі бойынша қабылдап, әр сұрақты пысықтағаныңыз бізді шын мәнінде қуантады», – деп атап өтті депутат.   


Тегтер: 8наурыз, астана, әкімдік, халықаралықәйелдеркүні, мереке

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.