Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Мұғалімдерге 40 миллион теңгеден аса қаржы берілді

Мұғалімдерге 40 миллион теңгеден аса қаржы берілді

Мұғалімдерге 40 миллион теңгеден аса қаржы берілді
ашық дереккөзі
 width= Ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтандағы мұғалімдерге 40 миллион теңгеден аса қаражат табысталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елорда әкімі Алтай Көлгінов педагогтерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Алғаш рет қала басшысы атынан "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалінің иегерлеріне 833 мың теңге төленеді. Сонымен қатар, бірқатар оқу орнына 9 миллион теңге көлемінде әкім гранты берілді. "Әр мұғалім тұрғындардың сауатты әрі лайықты азамат болуына септігін тигізіп, білім береді. Мұғалімдерімізді кәсіби мерекелері - Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Балаларға оқу материалын меңгеруге, түрлі олимпиадаларда, байқауларда жетістіктерге жетуге ғана емес, сонымен қатар оларға өзіне, өз күшіне сенуге, кәсібін табуға көмектесіп келесіздер", - деді Алтай Көлгінов. Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанда жыл сайын жаңа білім ордасы салынады екен. "Биыл салынған мектептер саны өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артық. Осы жылы 12 мектеп салынды. Келесі жылы тағы сонша мектеп салынады. Оқу орындарын заманауи жабдықтармен жабдықтап, инновациялық технологияларды енгіземіз", - деді қала әкімі. Сонымен қатар Көлгінов Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" заңға қол қойғанын, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы 25 пайызға, 2024 жылға дейін тағы 25 пайызға өсетінін атап өтті. "Өткен жылы біз тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік жәрдемақы түрінде 1 миллион теңге көлемінде 275 тұрғын үй сертификатын өтеусіз негізде бердік. Биыл да ұстаздарымызға тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесеміз. Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесіп 1 мың әлеуметтік пәтер береміз. Бұл пәтерлер мұғалімдерге, әлеуметтік қызметкерлерге, полиция қызметкерлеріне, дәрігерлерге, өрт сөндірушілерге, мәдениет және спорт қайраткерлеріне беріледі", - деді ол. Қала әкімі түлектерге де қолдау көрсетілетінін айтты. "Мамандықты тегін оқуға 900-ге жуық грант бөлінді. Бұл шаралар жұмыс үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға және балалардың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті болуына бағытталған. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын!",- деді Алтай Көлгінов.