Қарағанды облысында әскери ұшақ құлады, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі
Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады.
"2020 жылғы 16 сәуірде Қарағанды қаласының маңында жауынгерлік кезекшілікті атқаруға дайындық бойынша жоспарлы ұшуларды орындау барысында Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады", - делінген хабарламада.
Оқиға Қарағанды қаласының әуежайынан оңтүстікке қарай болған.
"Ұшқаннан кейін қозғалтқыштардың бірінде өрт шықты. Катапульттеуге команда алғаннан кейін әскери ұшқыштар ұшақты елді мекенге қарай Жерге жіберді және азаматтық халыққа ештеңе қауіп төндірмейтініне көз жеткізіп, экипаж катапульттелді. Ұшқыштар тірі. Қорғаныс министрінің бұйрығымен авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссия тағайындалды. Оқиға орнына Қазақстанның Әскери-әуе күштері іздестіру-құтқару қызметінің жасағы келді", - делінген хабарламада.