Елбасы: Ананың құдіреті шексіз

07 Наурыз, 2019 821 0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада бір топ әйелдер қауымымен кездесті. Бөл туралы newsroom.kz хабарлайды.

"Бүгін қандай әдемісіңдер бәрің! Керемет! Бүгін Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайын деп шақырдым. Қазақстанның қыз-келіншектері, аналар, апалар мына залдың ішіне сыймайды. Бүгін кешке қарай үлкен концерт болады. Сол жерде барлығыңызды тағы құттықтайтын боламыз", - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы әйелдер мерекесін ер адамдар көп тойлайтынын атап өтті.

"Ананың құдіреті шексіз. "Оның алдында бүкіл дүние бас иеді" деп тегін айтылмаса керек. Ерте заманда жауласқан жұрттың ортасына ана ақ жаулығын тастаған кезде соғыс тоқталып, бітімге келетін болғанын білеміз. Дәстүрімізді барынша сақтап келе жатқан біз әйел затын әсіресе қадірлейтін xалықпыз. Қазақ ұлты қыз баланы әр уақытта алақанына салып, аялап отыратын. Бұл салтымыз отбасы үшін бұзылмас заңдылыққа айналып келеді. "Ана" деген қастерлі сөзді естігенде тебіренбейтін жүрек жоқ, толқымайтын көңіл болмайды", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Айта кетейік, кездесуде көпбалалы аналар, кәсіпкер әйелдер, танымал әртістер, ақын, құқық қорғаушы танымал қыз-келіншектер болды. 

Дерек көзі: holanews

Тегтер: 8наурыз, мереке, әйелдер, сыйлық, елбасы, құттықтау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.