Қарапайым журналист желілік маркетинг арқылы қымбат көлік мінді

Қарапайым журналист желілік маркетинг арқылы қымбат көлік мінді

ашық дереккөзі

 width= Жақында ғана 31-каналдағы журналист қызметінен басқа салаға ауысқан Жарас Ниязбек желелік маркетинг арқылы қымбат көліктің кілтін алды. Бұл туралы Жарас Ниязбектің өзіне хабарласқан Nesroom+Ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды. Бірнеше жыл қазақстандықтар үшін танымал болған желілік маркетингте жетістікке жеткен Жарас Ниязбек су жаңа INFINITI Q60 көлігін тізгіндеді. Тіпті бұл ақпарат туралы әріптесі Ербол Азанбек те әлеуметтік желіде жазба қалдырып үлгерді.  width=  width=

Жарас Ниязбек су жаңа INFINITI Q60 мінді! Қайбір жылы қателеспесем де, қателессем де Динара Мыңжасарқызы болуы керек «Желілік маркетинг желкеңді үзеді» деген мақала жазды. Қазір қарап отырсам, сонысы журналистік стандартты сақтамаған, біржақты жазылған екен))). Бұл саланың өзін желкелеп, бүгін соңғы үш жылда екінші көлігін мініп отырған Жәкеңдердің пікірі жоқ ол жерде. Бір жылдары бүкіл қазақ даласы NL деп тұрғандай болды. Талай ел бастап, тастап жатқанда, Жәкең мен Арай ең үздіктерге беретін су жаңа Мерседесті Ресейден мініп келді. Ол Мерседес Lexus 570-ке, ол Хюндайға айналған. Енді бүгін «Армэль» компаниясынан су жаңа Инфинитидің кілтін алды. Жәке, Арай еңбектің жемісі құтты болсын! Еңбек еткен адамға еш нәрсе кедергі болмайтынын көрсеттіңдер, делінген жазбада.

Жүктелуде...