«Жүрегімді түтіп жеңіздер»: Гүлзира Айдарбекова Қайратты «жер» еткендерге жауап берді
«Жүрегімді түтіп жеңіздер»: Гүлзира Айдарбекова Қайратты «жер» еткендерге жауап берді
Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергенді салыстырып, әлеуметтік желілерде шектен тыс әңгіме айтқандарға Гүлзира Айдарбекова жауап қатты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
"Димаш пен Қайратты Бибігүл апамыздан бастап салыстырып әлек. 3 жыл бұрын бір шулатып еді, жарайды құрметті анамыз, қартайды ғой жарайды дедік".Сахнада жүргендердің барлығы дерлік әнші емес деп өз пікірін білдірген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Бибігүл Төлегенова Қайрат Нұртасқа тағы да шүйлікті.
"Димашымыз бәйге атындай әлемдік деңгейдегі баршамыздың мақтанышымыз, оған ешкімнің таласы жоқ. Ал Қайрат көкпардың аты секілді, Бәйгенің аты көкпарды ала алмайды, ал көкпардың аты бәйгені ала алмайды. Қыран құстай самғаған қос қанатымызды бір-біріне улап жатқандарға айтарым: Қыран құстың арқасына мінетін бір-ақ құстың түрі бар, ол қарғалар. Бірақ қыран құс, қарғаны үстінен түсіремін деп әлек болмайды. Ол биікке самғай береді, самғай береді. Ауа жетпеген қарға өзі-ақ сырғып төменге қарай құлдилайды екен",- деп өз жауабын жазды әншінің анасы өз инстаграм парақшасында.Қайрат Нұртасты жерге теңеген Бибігүл Төлегеноваға Гүлзира Айдарбекова ренішін емес, рақметін айтқандай болды.
"Мейлі жер дей берсін, жерден бүкіл адамзат қоректенеді, туған жердің бір уыс топырағына зар қаншама шетел асқан бабаларымыз бар, өміріңнің бәрін көкте емес, жерде өткересің, тіптен о дүниелік болғанда сол жердің қойнына кіресің. Жер деп сайрап отырған апамыздың өзі жер басып бақытын елден тауып жүр, көкте ұшып жүрген жоқ. Жеріміз үшін қаншама халқымыз қасық қаны қалмағанша арпалысты да, сол жер біз-ақ бола берейік. Құс қанша ұшса да, оның табатын қорегі жерде, Адам қанша тәккаппар болғанымен баратын жері көрде",- деді ол.Үш жыл бұрын да дәл осындай дауға қалған Димаш пен Қайрат бұл жолы да желіні шулатуда.
"Қайрат аты шыққалы жала жабу, жексұрын көрсету хайп болып кетті, өршімесе тоқтар емес. Мен анамын менде де жүрек бар. Болмаса берейін, түтіп жеңіздер, мүмкін сол кезде даттаған кісілердің маңдайына қарағайдай мүйіз шығар. Ұрпағымыз өссін-өнсін деп бата беретін дана аналарымыз осылай деп, немересіндей балаға қадалса, менің айтарға сөзім жоқ".