Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Билік келісті: ең төменгі жалақы 4 мың доллар болып бекітілді

Билік келісті: ең төменгі жалақы 4 мың доллар болып бекітілді

Билік келісті: ең төменгі жалақы 4 мың доллар болып бекітілді
ашық дереккөзі
 width= Швейцариялық Женева қаласының тұрғындары сағатына еңбек ақысын 23 швейцар франкі етуді мақұлдады. Яғни апталық 41 сағат жұмыс күнімен есептегенде бұл көрсеткіш айына 4,1 мың АҚШ доллары болмақ. Еңбек ақысына қатысты өзгеріс айдың соңында күшіне енбек деп хабарлайды CNBC. 2011 және 2014 жылдары аталмыш бастаманы қала халқы қолдамаған еді, бұл жолы еңбек ақысын арттыруды халықтың үштен екі бөлігі қолдады. Еңбек ақысына қатысты референдум қалада 27-қыркүйекте болды. Халықтың шешіміне коронавирус әсер еткен дейді сарапшылар. Қала басшылығы бұл өзгерісті мақұлдап, қазан айының соңынан бастап еңбек ақысын жаңа талаптарға сай төлемек. Бұл әлемдегі ең жоғары төменгі жалақы болып отыр. Ол АҚШ-тан үш есе, ал Ұлыбританиядан екі есе жоғары болып тұр.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ