Жастар жылынан үміт көп

07 Наурыз, 2019 2603 0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы Жолдауында 2019 жылды жастарға арнауы аса маңызды. Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі ақиқат. Жолдауда жоғары оқу орындарына мамандық алып шыққан жастардың өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрып, елімізге қызмет етуі мәселесі қоғамның даму тенденциясын анықтайтын фактор екендігіне зор мағына берілген. Осыған дейінгі Елбасының қай жолдауын алсақ та, жастарға қатысты жобалар мен бастамаларды ескеріп, жастарға ерекше көңіл бөліп келген. Осы жылы да жастар мәселесі тағы да ескерусіз қалмады. «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс» деді Елбасы. Жастардың білім алуы, әлеуметтік жағдайы ерекше аталып өтіп, келер 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. 

Бұл – біз үшін үлкен мәртебе. 

Жолдаудағы нақты тапсырмалардың халықтың әл-ауқатын көтеруге, елдегі нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталып отырғаны қуантты. Ұстаздардың мәртебесін арттыру туралы Заң қабылданады. Демек енді ұстаздар қауымына деген көзқарас өзгереді. 

Қысқасы, қоғамның әр азаматы өз жұмысын еліміздің дамуына апарар маңызды істің бөлігі деп білсе, зайырлы мемлекет ретінде көздеген мақсаттарымыз алыс емес. Бұл ретте біз де жастар жылына көп үміт артамыз. Жас өскіннің қатысуымен өтетін шараларды жоспарға қойып, оларды абыройлы өткізуге барымызды саламыз.   

Марат Жұрқабаев 

Дерек көзі: http://kostanaytany.kz



Тегтер: жастаржылы2019мақала, жастаржылы, елбасы, жолдау, эссе, президент, жастар, тапсырма, қазақстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Тагордың үйі

06 Мамыр, 2019

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.