Франция президенті Эммануэль Макрон ЕҚЫҰ Минск тобының теңтөрағалары таяу уақытта Таулы Қарабақ бойынша бірқатар бастама көтеретінін айтты, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
"Мен Еуропалық кеңес мүшелеріне ЕҚЫҰ Минск тобының үш теңтөрағасының - АҚШ, Ресей және Францияның бірлескен коммюникесі туралы және біздің Армениямен және Әзербайжанмен белсенді мәмілеге көшу үшін қабылдағымыз келіп отырған бастамаларымыз жөнінде есеп бердім", – деді Макрон Брюссельдегі ЕО саммиті өтіп жатқан жерде баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар Макрон сириялық содырлардың Әзербайжан аумағына жіберілуіне қатысты ақпаратпен бөлісті.
"Мен біздің мәліметіміз бойынша, 300 содырдың Газиантеп (Түркия) арқылы Бакуге жету үшін Сириядан кеткенін растаймын", - деді Макрон.
Макронның айтуынша, Бакуге жіберілген содырлар Сирияның Алеппо аймағында жұмыс істейтін жиһадшылар тобының мүшелері екені анықталған. Сонымен қатар, тағы бір осындай топ Әзербайжанға баруға дайын.
Бұған дейін Макрон Франция барлау қызметінің Сириядан жіберілген жалдамалылардың Таулы Қарабақтағы ұрыс қимылдарына қатысу үшін барғанын анықтағанын мәлімдеген еді.
Ресей қауіпсіздік кеңесі бұған дейін шетелдік қарулы содырлардың Қарабақ қақтығысына қатысуы "айрықша қауіпті" екенін атап өткен болатын.
Бейсенбіде Ресей, АҚШ және Франция басшыларын – ЕҚЫҰ-ның Қарабақ жөніндегі Минск тобының теңтөрағаларын Баку мен Ереванды қақтығыстарды тоқтатып, келіссөздерді алғышартсыз бастауға шақырды. ЕҚЫҰ Минск тобы Қарабақтағы зорлық-зомбылықты айыптады.
Өз кезегінде Еуроодақ Таулы Қарабақтағы шиеленістің ушығуын дереу тоқтатып, келіссөздер үстеліне отыруға шақырды, деді Еуропалық кеңестің басшысы Шарль Мишель.