Түркістан: Облыс әкімі көпбалалы аналардың үйіне барды

07 Наурыз, 2019 4147 0

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ордабасы  ауданындағы  алтын құрсақты Назира Алиева мен Айгуль Аязбаева сынды көпбалалы аналардың үйлеріне барды. Кездесуде өңір басшысы батыр аналарды келе жатқан мерекемен құттықтады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, newsroom.kz тілшісі хабарлайды.

«Келе жатқан Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Меніңше, барлық әкімдер көпбалалы  отбасылардың жағдайымен танысуы керек. Олармен бетпе-бет жүздесіп, қандай көмек қажет екенін білген жөн деп ойлаймын. Көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан, қашанда тиісті қолдаулар болады. Жақында  Елбасымыз Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының  съезінде де көпбалалы отбасылардың тұрмыстық жағдайын жақсарту жөнінде Үкімет пен әкімдерге нақты тапсырмалар берген болатын. Аз қамтамасыз етілген, әсіресе көпбалалы отбасыларды қолдаудың шарттары жеңілдетіліп, әр балаға  21 мың теңге көлемінде жәрдемақы беріледі. Сіздер секілді батыр аналарымыз көп болсын!  Жас қыз-келіншектер өздеріңізден үлгі алуы тиіс. Отбасыларыңызда балалардың саны көбейе берсін. Барша ақ жаулықты аналарымыз бен қыз-келіншектердің отбасына амандық, жұмыстарына береке тілеймін», – деді облыс басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі мерекеге орай батыр аналарға  сыйлық табыс етті.

Айта кетерлігі, Назира Алиева – Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округі, Темірлан ауылының тұрғыны. Отбасында 1 ұл, 5 қыз тәрбиелеп отыр. Ал, Айгүл Аязбаева да осы ауданның тұрғыны. «Күміс алқа» иегері. Жеке кәсіпкер. Аналар  өңір басшысының арнайы құттықтап келгеніне ризашылық білдіріп, Түркістанды өркендету бағытындағы бастамаларына сәттілік тіледі.

Тегтер: 8наурыз, мейрам, түркістан, өмірзақ, шөкеев

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.