Навальный: Мені улағандардың артында Путин тұр

Навальный: Мені улағандардың артында Путин тұр

ашық дереккөзі

 width= Алексей Навальный Германияның Der Spiegel журналына берген сұхбатында өзін улағандардың артында Ресей президенті Владимир Путин тұрғанын айтты. "Мен бұл қылмыстың артында Путин тұрғанын білемін, менің бұл қылмысқа қатысты басқа ойым жоқ", – деді Алексей Навальный. Сонымен қатар ол Ресейге қайтып оралатынын мәлімдеді. "Менің қазіргі мақсатым ештеңеден қорықпайтын азамат болып қалу. Мен қорықпаймын!», - деді саясаткер. Сұхбаттың үзінділері Еуропалық Одақ саммитінің алдында жарияланды. Толық нұсқасы жақын арада шықпақ. Ресей билігі Навальныйдың сұхбаты мен улану фактісіне күмән келтіріп, оны «Батыстың ойыны» деп атады.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...