«Аль-Арабия»: Израиль соңғы үлгідегі қару түрлерін Әзірбайжанға жіберуде

«Аль-Арабия»: Израиль соңғы үлгідегі қару түрлерін Әзірбайжанға жіберуде

ашық дереккөзі

 width= Израиль соңғы үлгідегі қару-жарақ түрлерін ұшақтарға тиеп, Әзірбайжанға жіберуде. Бұл туралы «Аль-Арабия» арнасы 30-қыркүйекте мәлімдеді. Әскери қимылдар қарқынды түрде жүріп жатқан Таулы Қарабақ аймағына қатысты әлемдік ірі державалардың ұстанымдары өзгерер емес. Арменияның жақында Тель-Авивте ресми түрде елшілік ашқанына қарамастан, Израиль Әзірбайжанға қару сатушы елдердің басында тұр. Екі ел арасындағы қару және мұнай саудасы соңғы екі жылда бес есе өскен. «Израиль Әзірбайжанға қарудың түр-түрін жеткізуде. Бакуге осымен екінші мәрте қару тиелген ұшақ келіп қонды», - деп хабарлады «Аль-Арабия» арнасы. Әзірбайжан президентінің сыртқы саясат бойынша кеңесшісі Хикмет Гаджиев американдық Axios порталына Баку мен Израиль арасындағы әріптестікті жоққа шығармай, қақтығысқа дейін де қару-жарақ сатып алудың болғанын айтты.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...