Түркия Әзірбайжанға көмектесіп жатыр ма? Кремль не дейді?

Түркия Әзірбайжанға көмектесіп жатыр ма? Кремль не дейді?

ашық дереккөзі

 width= Карабахтағы жағдай шиеленсіп келеді. Күн сайын әлемдік басылымдарда түрлі қақтығыстың болып жатқаны туралы ақпарат сағат сайын тарап жатыр. Ал бұл мәселеде Әзірбайжан еліне Түркия көмектесіп отыр деген де ақпарат бар. Бұл ақпаратқа Кремль өзінің пікірін де білдірген, деп хабарлайды Newsroom.kz+Ақпарат агенттігі Известия басылымына сілтеме жасап. Қазанның бірі күні Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге берген сұқбатында, Түркияның Әзірбайжанға көмектесіп жатыр деген ақпаратқа Кремль ешқандай пікір білдірмейтінін жеткізді.

«Біз әскери қолдау жайлы кез келген хабар мен мәлімдемені арандатушылық сипатқа ие, эскалацияға кедергі келтіру ниеті деп санаймыз», дейді Песков.
Сондай-ақ ол Кремльдің мұндай мәлімдеменің қазір қауіпті, ал үшінші бір тараптардың бұл іске араласуы жағдайды ушықтырып жібереді деп санайтынын жеткізді.

Жүктелуде...