Онлайн оқудың қорқынышы: оқушы қыздың өліміне ұялы телефон кінәлі
Онлайн оқудың қорқынышы: оқушы қыздың өліміне ұялы телефон кінәлі

«Кешкі асын ішіп, өзінің бөлмесінде телефонмен жатқан. Телефонмен сыныптасы ма біреу хабарласқан кезде сөйтіп жатып, қуаттағышынан қатты тоқ кетіп, телефоны балқып, бетіне тоқ ұрып, миына, жүрегіне барып, сол жерде бірден қайтыс болып кеткен».Ерке қызы Ақеркенің енді өмірде жоқ екеніні әкесі әлі де сене алар емес. Қатарластарының алды, оқуда озат оқушы болашақта дәрігер болуды армандапты. Асылхан МӘКЕНОВА, мектеп директоры:
«Ақерке өте жақсы қыз, сабақты жақсы оқыған. Мектептің қоғамдық өміріне белсене араласқан қыз болған. Ауыр тиіп отыр... Жақсы оқушымыздан айырылып қалдық. Осындай жағдайлар қайталанбаса екен деп тілейміз».Ақеркенің смартфоны сапасыз зарядканың кесірінен жарылған деген болжам бар. Оған қоса, оқыс жайт болған уақытта гаджеті тоққа қосулы болыпты. Мамандардың сөзінше, телефондардың жарылуына алып келетін бірден-бір фактор осы. Гүлнұр БЕРДІБАЕВА, Ұялы телефондарды сату дүкенінің менеджері: «Телефонды батареяға қойып қолдану дұрыс емес. Өйткені ол зарядкада тұрғанда оған энергия барып тұрады». Тағы бір себеп: Берік АСҚАРОВ, менеджер:
«Ұялы телефонды түнгі уақытта қуаттау мүлде дұрыс емес».Оған қоса смартфонның бағасы да, маркасы да маңызды емес. Жоғарыдағы талаптар сақталмаған жағдайда, телефонның жарылмасына кепіл жоқ. Қазіргі онлайн сабақ та қауіпті күшейтті. Қаласаң да, қаламасаң да, оқушылар күні бойы телефонда отыр. Осы ретте, мамандар ата-аналарға келесідей кеңес береді. Бала гаджетін тоққа қосып пайдаланбау керектігі өз алдына, смартфоны қызып, ыстық болып қалған жағдайда, оны тез арада өшіріп тастау қажеттігін айтады. Өйтпегенде, не боларын ойлаудың өзі қорқынышты.