Жаңалықтар

Ұлттық киімімізді әлемге ұлықтады: танымал әнші Эрика Герцег тыңдармандарын таңқалдырды

Ұлттық киімімізді әлемге ұлықтады: танымал әнші Эрика Герцег тыңдармандарын таңқалдырды

 width= Қазақтың ұлттық киімін киген "ВИА Гра" тобасының солисі Эрика Герцег тыңдармандарын сүйсіндірді, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Әнші Instagram-дағы жеке парақшасында қысқа видеоролик жүктеді. Онда Эрика Герцег қазақтың ұлттық киімін киіп, әшекей таққан. Мұндай киім мен әшекейді орта ғасырларда қазақ қыздары пайдаланған. Сондай-ақ, видеодан әншінің билегенін де көруге болады. Әншінің тыңдармандары оның мұндай видео жүктегеніне қатысты әртүрлі болжам жасады:
- "Бұл соло үшін шығар? Сізді ұлттық киімде көргенім үшін қуаныштымын! - Мен Қазақстаннанмын, қатты таңғалып отырмын. Мұндайды сізден күтпеген едім. Қазақстан сізді қолдайды! -  Қандай жоба екенін түсінбей отырмын! Сізге қазақтың ұлттық киімі жарасады екен!
Айта кетейік, "ВИА Гра" тобын 2000 жылы продюсер Константин Меладзе құрған еді.