Тағы да 29 оқушыдан коронавирус анықталды: жағдай қиындап барады

Тағы да 29 оқушыдан коронавирус анықталды: жағдай қиындап барады

ашық дереккөзі

 width= Шығыс Қазақстан облысында 29 оқушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 30 қыркүйектегі соңғы мәліметтер бойынша 27 оқушының 6-уы емделіп шығып, оқуды жалғастыруда. 12 оқушыдан COVID-19 вирусы күнде жүргізілетін таңертеңгі тексеру кезінде анықталған.

«ШҚО аумағында коронавирус ошағына айналған мектептердегі кезекші сыныптарды қашықтан оқытуға ауыстыру туралы қаулы шығарылды. Қауіпті вирус анықталған барлық мектепте эпидемияға қарсы сантиариялық-дезинфекциялық шаралар жүргізілді», - делінген баспасөз қызметі көрсетілген хабарламада.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше облыста 191 757 оқушы оқитын 647 мектеп бар. Оның ішінде 37 078 бала оқитын 376 (58,0%) мектеп тұрақты режимде, 107 543 оқушысы бар 271 мектеп (42,0%) қашықтықтан жұмыс істейді.  

Жүктелуде...