Шымкент: Бейбіт күннің батыры елге қалтқысыз қызмет етуде
Шымкент: Бейбіт күннің батыры елге қалтқысыз қызмет етуде
ашық дереккөзі
16 наурызда ел аумағында төтенше жағдай жарияланып, бірқатар құрылымдар күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Осыған орай, соңғы бір айдан бері тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау жолында еңбектеніп жүрген шымкенттік батырлар туралы баяндауды жөн санап отырмыз.
Бүгін Шымкент қалалық полиция департаменті патрульдік полиция полкі 8-ротасының аға инспекторы Қазыбек Құттыбаев туралы баяндайтын боламыз.
1992 жылы дүниеге келген Қ.Жаңабайұлы 2015 жылдан бастап ішкі істер органдары жүйесінде еңбек етеді. Аға инспектор күнделікті сағат 07.00 мен 17.00 аралығында қаладағы N.Nazarbaev даңғылы мен С.Бәйтереков көшесі қиылысында көлік қозғалысын реттеп, бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізеді.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан аумағына төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілген тұста осалдық танытқанымыз бізге сын. Біз елге қызмет ету үшін ант қабылдадық. Ал берілген анттың үдесінен шығу баршамызға ортақ міндет, дейді полиция лейтенанты.
Карантин жарияланғалы отбасындағы ұл-қызын сирек көретінін жеткізген аға инспектор:
– Бұл уақытша қиындық. Біз бірлессек, бар қиындықты жеңіп шығамыз. Сондықтан қала тұрғындарынан карантин талаптарын сақтап, үйлерінде отыруын сұраймын, дейді Қазыбек Құттыбаев.