Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

182 миллион теңге пара алды: Атырау әкімі отставкаға кете ме?

182 миллион теңге пара алды: Атырау әкімі отставкаға кете ме?

182 миллион теңге пара алды: Атырау әкімі отставкаға кете ме?
ашық дереккөзі
 width= Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өзінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың кінәсі дәлелденіп, сот үкімі шыққанда ғана отставка кететінін мәлімдеді. Естеріңізге салсақ, 10 қыркүйекте 182 миллион теңге мөлшерінде пара алды деген күдікпен Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаров ұсталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.
– Заң бәрімізге ортақ. Егер тергеу жұмыстары аяқталып, сот оны кінәлі деп таныса, мен заңға бағынып, отставкаға кетуге дайынмын. Отставкамды қабылдай ма, қабылдамай ма – оны президент шешеді, – деді Махамбет Досмұхамбетов.
Естеріңізде болса, өткен жылдың 26 қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, өзінің қарамағындағы қызметкерге қатысты айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде бірінші басшы жұмыстан кетуге міндетті. Атырау облысы әкімінің баспасөз-қызметі «АЖ» сауалына қазіргі уақытта бірінші орынбасардың орны бос тұрғанын және уақытша ешкім тағайындалмағанын айтты. Өткен жылдың қаңтарында Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Нұрсәуле Сайлауова ұсталған кезде, облыс әкімдігінің барлық бөлімдеріне аудиттік тексеріс жүргізілген еді. Таубаев бойынша осындай тексеріс жүргізілеме деген «АЖ» сұрағына әкімнің баспасөз-қызметі жауап бере алмады.