Билік кредитті кешіре ме әлде үстемақымен бере ме?
Билік кредитті кешіре ме әлде үстемақымен бере ме?

«Барлық ипотекалық, тұтынушылық кредиттер мен шағын және орта бизнеске арналған кредиттердің пайыздық үстемесін 7-8%-ға дейін төмендетуді сұраймыз. «Жеке тұлғалардың банкротқа ұшырауы» туралы заң жобасын енгізу қажет. Бұлай болмаған жағдайда, халық биліктен «кредитті кешіру» туралы талабын тоқтатпайды. Банк алдындағы адал тұтынушылар да қарыздарын өтемеуі мүмкін» - деді мәжіліс депутаты Азат Перуашев.Еске сала кетейік, былтыр жағдайы төмен азаматтардың жалпы сомасы 106 млрд теңгені құрайтын банк алдындағы қарызы кешірілген болатын.