Билік кредитті кешіре ме әлде үстемақымен бере ме?

Билік кредитті кешіре ме әлде үстемақымен бере ме?

ашық дереккөзі

 width= Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ел арасында желдей ескен «Кредитті кешіру» мәселесі де сөз болды. Дүниежүзілік банктің мәліметінше, еліміздегі кедейшілік деңгейі 1,5 есеге артқан. Бүгінде олардың саны 2,3 млн-нан асып түседі, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Aзаттық рухына сілтеме жасап. Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің айтуынша, қара халықтың тығырыққа тірелуіне ең алдымен, еліміздің екінші деңгейлі банктері себепкер. Өйткені несиелік үстеме пайыздары тым жоғары.

«Барлық ипотекалық, тұтынушылық кредиттер мен шағын және орта бизнеске арналған кредиттердің пайыздық үстемесін 7-8%-ға дейін төмендетуді сұраймыз. «Жеке тұлғалардың банкротқа ұшырауы» туралы заң жобасын енгізу қажет. Бұлай болмаған жағдайда, халық биліктен «кредитті кешіру» туралы талабын тоқтатпайды. Банк алдындағы адал тұтынушылар да қарыздарын өтемеуі мүмкін» - деді мәжіліс депутаты Азат Перуашев.
Еске сала кетейік, былтыр жағдайы төмен азаматтардың жалпы сомасы 106 млрд теңгені құрайтын банк алдындағы қарызы кешірілген болатын.

Жүктелуде...