Оралда жас шенеунік өз кабинетінде асылып өлді

06 Наурыз, 2019 5076 0

"БҚО Кәсіпкерлікті дамыту және индустриялық даму басқармасы" ММ бастығының орынбасары 5 наурызда өзіне өзі қол салды, деп хабарлайды newsroom.kz "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

Ер адамның асылған денесі қызметтік кабинеттен табылған.

– Тұншығудан көз жұмды. Ешқандай хат қалдырмаған. ҚР ҚК 105 бабы "Өзіне өзі қол салуға дейін жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді Орал қалалық полиция басқармасында.

30 жастағы Қасен Тоясов Жәңгір хан атындағы БҚАТУ түлегі. 2011 жылдан бері кәсіпкерлік басқармасында бас маман, бөлім жетекшісі болған. 2018 жылдың қазан айында басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалған болатын.


Тегтер: орал, орынбасар, шенеунік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.