Жаңалықтар

36 жастағы әкім орынбасары 12 жылға сотталды

36 жастағы әкім орынбасары 12 жылға сотталды

 width= Сот 36 жастағы Руслан Мамуновты 12 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Шенеунікті қылмыстық жолмен алынған, оның ішінде Lexus автокөлігі мен тұрмыстық мүлігін тәркіледі. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметті атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Руслан Мамунов 13 жылға сотталған Қостанайдың экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановтың туыстарынан 1 миллион 200 мың доллар алды. Оның орнына жаза мерзімін қысқартуға және тәркіленген мүлікті қайтарып беруге уәде берді. Экс-әкімнің туыстары уәде орындалмағаннан кейін, сотқа арызданған.