Сот 36 жастағы Руслан Мамуновты 12 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Шенеунікті қылмыстық жолмен алынған, оның ішінде Lexus автокөлігі мен тұрмыстық мүлігін тәркіледі.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметті атқаруға өмір бойына тыйым салынды.
Руслан Мамунов 13 жылға сотталған Қостанайдың экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановтың туыстарынан 1 миллион 200 мың доллар алды. Оның орнына жаза мерзімін қысқартуға және тәркіленген мүлікті қайтарып беруге уәде берді.
Экс-әкімнің туыстары уәде орындалмағаннан кейін, сотқа арызданған.