Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қайырымдылыққа жұмсалған қаржы ашық түрде жариялануы керек - Тоқаев

Қайырымдылыққа жұмсалған қаржы ашық түрде жариялануы керек - Тоқаев

Қайырымдылыққа жұмсалған қаржы ашық түрде жариялануы керек - Тоқаев
ашық дереккөзі
 width= Қайырымдылық қорларға қаржы түсуінің және оның әрі қарай жұмсалуының ашық болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың және бизнес-сектордың өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.
«Қайырымдылық қорларға қаржы түсуінің және оның әрі қарай жұмсалуының ашық болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл бағытта күңгірттікке жол бермеу керек. Қазір қайырымдылық жасайтын азаматтар мен көмек алушылардың реестрін құру бастамасы іске асырылуда. Бұл міндеттің барынша нақты орындалуына мүмкіндік жасаған жөн. Қайырымдылық жобалар арқылы өтетін барлық қаржының жұмсалуына ақпараттық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету қажет», – деді Мемлекет басшысы.